Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді астаналық оқушыларға ет асылып берілетін болды

Енді астаналық оқушыларға ет асылып берілетін болды

Басты ерекшелігі – пайдалы әрі алуан түрлі ас мәзірі.
Фото: depositphotos.com
1 сәуірден бастап Астана мектептерінде оқушыларға жаңартылған мәзір бойынша тамақ беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа мәзір заманауи стандарттарға сай әзірленген. Оны дайындау кезінде балалардың жас ерекшелігіне сай қажеттілігі, тамақтану мамандарының ұсынымдары және Қазақ тағамтану академиясы сарапшыларының кеңестері ескерілген.
Мәзірдің басты айырмашылығы – оның пайдалы әрі сан қырлы болуында. Рационға ет, балық, құс еті, сүт өнімдері, жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидек көбірек енгізілген.
Ал денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өнімдер мәзірден алынып тасталды. Олардың қатарында шұжық өнімдері, фастфуд, қант қосылған шырындар, спредтер және консерванттары бар тағамдар бар. Енді оқушыларға табиғи өнімдерден дайындалған ыстық тағамдар мен тұтас дәнді жармалар ұсынылады.
Тағы бір қызықты жаңалық – ұлттық мәзірдің енгізілуі. Енді аптасына бір рет оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы – ет асылып беріледі. Бұл балалардың дәстүрлі ас мәзірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
Жаңа мәзірдің сақталуын мектеп әкімшілігі, Астана қаласының Білім басқармасы және ата-аналардың қатысуымен құрылған арнайы комиссиялар қадағалайды.
04 сәуір 2026 ж. 192 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 99

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31