Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өлкені тану – тарихты білу

Өлкені тану – тарихты білу

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады», – деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда оқушыларды өлке тарихын зерделеуге ынталандыру және Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын іс-шараларды іске асыру мақсатында «Атамекен» бағыты бойынша Шәкен ауылындағы №134 орта мектепте «Өлкетану» мұражайын ашу жоспарланған.
Соған байланысты мектепте «Туған елдің тарихын тану – ортақ парыз» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды. Бұндағы мақсат – Тапа елді мекені аумағынан көп жылдан бері жинақталған көне жәдігерлерді оқушыларға кеңінен таныстыру.
Шараға ауыл әкімі Т.Сермаханов, Тапа елді мекенінің тұрғыны, көне жәдігерлер жинақтаушы А.Жұмабеков, ауылдық емхана мен мәдениет үйі, №259 мектеп ұжымы шақырылды.
Аймақтық семинарда №134 орта мектеп директоры О.Роман құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік-педагог Ш. Жаңабаева мектептің тарихымен таныстырды. Көне жәдігерлерді жинақтаушы А.Жұмабеков оқушыларға құм қойнынан тапқан құнды заттарын көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке түсіндіріп берді. Бұдан кейін шараға жиналғандар кітап көрмесін тамашалады. Семинар кезінде мектеп тәлімгері А. Баймұратова ұйымдастырған «Кемелді Жолдауға – өрендер қолдауы» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан мерекелік концерт қойылды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
31 қаңтар 2018 ж. 3 404 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 105

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 185

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 132

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930