Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда. 
       «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда.                                                                                                                                               
      Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық,қайсарлық қасиеттерге баулу.                                                                                         
      Байқау республика бойынша 6-10 сынып оқушыларының арасында өтеді. Байқау аясында қатысушылар 132 беттен 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.                                                              
      «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы көптеген ҚР қоғам қайраткерлерінен, мәдениет өкілдерінен, жыршы, термешілерден, танымал журналистер мен саясаткерлерден қолдау тапқан. Амандық Көмеков, Алмас Алматов, Елмұра Жанабергенова, Елікбай Иса, Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Айтұлы сынды тұлғалардың батасы алынды.
       Бүгінгі таңда байқауға қатысуға республика бойынша 5621 мектептен 51 328 оқушы, 23 138 мұғалім тіркелді.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең аудандық;
2-ші кезең облыстық;
3-ші кезең республикалық.
Оқушыларға арналған жүлде қоры:
Аудандық кезең: 1-ші орын үшін 150 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 2-ші орын 100 000 теңге (немесе бағалы сыйлық), 3-ші орын 50 000 теңге (немесе бағалы сыйлық).
Облыстық кезең: 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын 600 000 теңге, 3-ші орын 300 000 теңге.
Жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған жүлде қоры:
Аудандық кезең жеңімпаздарының ұстаздары Білім және ғылым министрінің арнайы дипломымен марапатталады.
Облыстық кезең: 1-ші орын алған оқушының ұстазы кемі 2 000 000 теңге, 2-ші орын кемі 1 200 000 теңге, 3-ші орын кемі 600 000 теңге.
Ұйымдастыру комитеті – «Qazaq Epos» қоғамдық қоры.  Жобаның ресми өкілі - ақын, журналист Серік Сейітман. Жобаны қолдаушы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Qazaqstan» ұлттық арнасы, жергілікті атқарушы органдар.
27 наурыз күні «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының арнайы бағдарламасы «Шалқар» радиосының толқынында ашылды. Хабардың алғашқы эфирінде жобаның мақсаты, міндеті, өзектілігі жайында айтылды.
Эфирдің әр шығарылымында студия қонақтары республикалық байқаудың өскелең ұрпақ үшін маңызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілуі, батырлар жырының ерекшеліктері және т.б.б. тақырыптар аясында әңгіме қозғайды. Байқауға қатысушы оқушылар радионың тікелей толқынында дайындықтарын көрсетіп, жырдан үзіндіні де жатқа айтады.
«Тұлпар мініп, ту алған» бағдарламасын «Шалқар» радиосының 100.4 FM тікелей толқынында әр сәрсенбі сайын 14.00-14.30 аралығында тыңдай аласыздар.
    Қазіргі таңда «Qazaq Epos» ұлттық жобасы  «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аясында рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық бірлікті жаңғырту және байқауға қатысушыларды қолдау мақсаттарында «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқудың отбасылық эстафетасы жүріп жатыр.                                                                                                                                                   
       Эстафетаны «Қазақ радиоларының» басшысы Құрманбек Жұмағалидің отбасы алғашқы болып бастап, қоғам қайраткері Нұрлан Өтешев пен әнші-композитор Медет Салықовтың отбасыларына жолдады.
         «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын қолдау мақсатындағы отбасылық эстафета елiмiздiң үлгілі шаңырақтарында әлі де жалғасып келеді. Түсірілген видеолар тұрақты түрде «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына, ресми сайтына жүктеліп отыр.     
Сонымен қатар,   20 сәуір күні сағат 08:30-да Торғайдан Түркістан облысының Созақ ауданына байқауды қолдау мақсатында атты экспедиция жолға шықты. Үш адамнан тұратын топ 900 шақырымнан астам жолды 10 күнде еңсерді. Айта кетейік, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерінде» қазақтың соңғы ханы Кенесарының Торғайдан Созаққа жылына бір емес, бірнеше рет барып келетіні туралы айтылады. 800 шақырымнан астам жолды оның әскері 1 аптаның көлемінде жүріп отырады екен.
«Егер хан Кене қазіргі заманда өмір сүрсе, біз оның әскерінің қатарында болуға жарар ма едік, ол 1 аптада еңсерген жолды біз де жеті күн ішінде жүріп өте аламыз ба? Хан мен ханның әскері қандай қиындықтарға тап болды, қай жерлерге тоқтады – осының бәрін өз басымыздан өткізіп, тарихымызды қайта жаңғыртуды мақсат етіп отырмыз», - деді экспедиция жетекшісі Бақытжан Тұрлыбек.
Instagram: @qazaq_epos, Facebook: https://www.facebook.com/tulpar.minip/                                  Youtube: Qazaq Epos, Ресми сайт: www.qazaqepos.com                                                                                                                                             
11 маусым 2019 ж. 1 965 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031