Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы дала – ұлығым

Ұлы дала – ұлығым

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының басты мақсаты – төл тарихты ұлықтап, бағалай білетін халықты қалыптастыру.

«Ұлы даланың жеті қыры» деп аталуының өзіндік мәні бар. Себебі қазақ жұрты ежелден-ақ жеті санын киелі санап, қастерлеген. Мысалы жеті ата, жеті жарғы, жеті керемет, жеті қазына сияқты құндылығымыз бар. Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы саналатын мақалада Президент ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына тоқталып, халық қаһармандарын үлгі тұту үдерісін қалыптастыруды тапсырды. Еуразияның кіндігінде орналасқан Ұлы даламыз – Шығыс пен Батыстың арасындағы қақпа, өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан алтын өлке. Әлемдік сауда жүйесінің дамуына, бүгінгі қатынас жолдары дәлізінің пайда болуына тікелей ықпал еткен Ұлы Жібек жолының біздің өскен өңір үстімен өтуі де жайдан-жай емес.


Біздің музей ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер – тұнған шежіре» тақырыбында жергілікті тарихи ескерткіштерге аудан ардагерлерімен бірге саяхат жасады. Сонымен бірге ортағасырлық қала Жанкентке, Түркістандағы Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауй кесенелері басында болды. «Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында аудандық қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді. Музей қорындағы ескі жәдігерлерден арнайы көрме ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да Елбасы бағдарламасы аясында жаңа бағытта түрлі іс-шара жүргізілетін болады.

Кең байтақ ұлы даланы ұлықтау – басты міндет. Себебі оның өркениетке қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Сәкен ӘЛІШЕВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры
12 қаңтар 2019 ж. 4 446 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031