Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихты түгендеуге бетбұрыс

Тарихты түгендеуге бетбұрыс

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауы десек жарасады. Халық соның заңды жалғасы ретінде қабылдаған, ұлттық рухты оятатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында дарқан даланың тарихы таныстырылып, руха­ниятты сақтап, дамытуға арналған алты жоба ұсынылған.
Ежелгі атқа міну мәдениеті, металл өндіру мен өңдеу технологиясы бесаспап халқызға тән. Ал аң стилі өнері, баға жетпес жәдігеріміз − Алтын адам жауынгері, түркі әлемінің бесігі саналатын асқар таулар жүйесі көңілге қуаныш сыйлайды. Батыс пен шығыстың сауда мәдениетін ұштастырған – Ұлы Жібек жолы, Еуропаның көп елдерінің символдарынан кем түспейтін алма мен қызғалдақтар, барлығы да қазақ үшін аса қымбат құндылықтар.
Елбасы елордада өткен «Жастар жылы­ның» ашылу салтанатында: «Жастар жылы­ның жариялануы, бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз», – деді. Сондықтан осынау мерейлі жылда жалынды жастарымыз жеті қырды жете танып-біліп, тарихтың белгісіз қатпарын ақтара түсері анық.
Ақбота СЕЙТБАЕВА,
№190 мектептің мұғалімі
23 ақпан 2019 ж. 2 755 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 312

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031