Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған...

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған...

Биылғы жылдан бастап Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы Тілдерінің күні болып белгіленді. Дәл осы күн Ұлтымыздың ұлы қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын, көсемсөзші, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 145 жыл. Осынау қос мереке күні Қазалы аудандық орталық кітапханада өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық-тағылымдық шара өтті. Бұл басқосу қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, қайсыбір халықтың алтын діңгегі, ажырамас бөлігі тілі, ұлт болып қалыптасуы мен биікке ұмтылуының алғышарты – Ана тілінің асқақтауында жатырғандығын ұғындыру мақсатын көздеді.
Шара барысында кітапхананың көпшілік оқырмандары мен тіл мамандары барлық саналы ғұмырын ұлт күресінің қасиетті жолына арнаған Ахмет Байтұрсынұлының тарихымызда ешкіммен салыстыруға келмейтін сан қырлы сипаты жайында толғана жырлады.
Ұлы тұлға «білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек» дейді. Бұл тұрғыда сол кезеңдегі дамудың алғышартын айтса, екіншіден ұрпаққа аманат жүктеп, жалпы адамзаттың сөзі мен ісінің бір жерден шығуын, бір арнаға тоғысуын міндеттеп отыр. Ең бастысы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деу арқылы тілдің ұлт үшін өмірлік маңызын да, мәртебесін де айқындап берді. Ахметше айтқанда, «өз тілімен сөйлескен» ғана емес, «өз тілімен жазған» халықтың болашағы зор болмақ.
Шара аясында «Тіл – татулық тірегі» атты тақырыпта ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырманға кеңінен таныстырылды.
Ақгүл СЕРІКҚЫЗЫ,
аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы
09 қыркүйек 2018 ж. 2 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930