Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Музей қоры жаңа жәдігерлермен толығады

Музей қоры жаңа жәдігерлермен толығады

Биылғы жылдың наурыз айында ашылған Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі туған жердің тарихын түгендеп, өскелең ұрпаққа насихаттауда жүйелі жұмыс істеп келеді. Оған музейді жасақтау мақсатында құрылған комиссия мүшелерінің қосар үлесі айрықша. Жуырда аталған комиссияның бесінші отырысы өтіп, күн тәртібінде келелі мәселелер көтерілді.
Отырысты ашқан комиссия төрағасы тарихи-өлкетану музейінің директоры Сәкен Әлішев: «Туған өлкеміз Қазалы өңірінде көненің көзіндей болған тарихи-мәдени орындар мен ескерткіштер өте көп. Бұл ескерткіштердің әрқайсысында айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре жатыр. Ұлттық рухтың көсегесі көгерсін десек, осынау жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа басы бүтін аманттау да біздер үшін жауапты іс», – дей келе, тамыз айының екінші жартысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тарихи-өлкетану музейі ұжымы мен аудандық Ардагерлер кеңесі бірлесіп, арнайы саяхат ұйымдастыруды жоспарға ендіргенін жеткізді.
«Туған өлке – тұнған шежіре» аталатын экспедиция кезінде саяхатшылар Теміржол вокзалы, Теміржол депосы, Теміржолшылар клубы, «Қожаназар ишан» мешіті, Әйтеке би, Жалаңтөс баһадүр, Бегім ана, Асандар көтерілісі ескерткіштері мен Тәуелсіздік монументі, Орталық алаң, «Жеңіс» паркі, «Жанқожа батыр» кесенесін аралап, тарихымен танысатын болады.
Комиссия отырысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов: «Қазалы топырағының құнарлылығы, жерінің киелілігі бөлек. Кезінде бізде өскен салмағы елу келі болатын қарбызды ақ патшаға сыйға апарған. Қазір ондай қарбыз жоқ шығар дегенмен, көлемі ірі қарбызды жасап, «Қазалыда өскен қарбыз» деп жазып, мұражайға қоюға әбден болады. Мың естігеннен, бір көрген артық демей ме? Жас ұрпаққа тарихты таныстырудың, санасына сіңіре білудің бірден-бір жолы – тірі дүниелерді мұражай төрінде сақтауда жатыр. Ата-бабамыздың тұрмыста қолданған заттары уақыт өткен сайын тұрмыс-тіршілігімізден жойылып барады. Олардың орнын жаңа технология­лар мен техикалық құрал-жабдықтар басуда. Сол себепті де көненің көзі ретінде диірмен, күбі, келі-келсап секілді дүниелерді мұражайға орналастыру, оны келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің міндетіміз», – деп мұражай қорын толықтыруға қатысты өзінің тың ойларымен бөлісті. Комиссия хатшысы, №70 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жанат Тілеуқабыл өңіріміздің өткенінен сыр шертетін жәдігерлерді жинақтаушы, Тапа елді мекенінің тұрғыны Аманжол Жұмабековтің қолындағы дүниелерге сұрау салып, мұражай ішіне орналастыруға жұмыс жасауға ниетті екендігін жеткізді. Сондай-ақ, комиссия отырысында ауылшаруашылығы саласының ардагері Мұхарап Табынбаев, білім саласының ардагері Гүлжаһан Шалболова, өзге де комиссия мүшелері ұтымды ой, маңызды пікірлерін ортаға салды.
Қазір музей қорында 4393-ке жуық экспонат бар. Музей өлке тарихын, табиғатын, экономикасын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи деректер, естеліктер мен ескерткіштерін іздестіруді, тарихи маңызы бар құнды жәдігерлерді жинауды, зерттеуді, оларды қорда сақтауды мақсат тұтады. Музейде 3 зал бар. Оның біріншісі, яғни, «Табиғат» бөлімінде ауданның жер бедері, ауа райы, емдік қасиеті бар шөптесін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде баяндалады. «Этнография» бөлімінде қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдер, шеберлердің қолынан шыққан ер-тұрмандар, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері, қару-жарақтар, ағаш ыдыстар мен мал терісінен жасалған бұйымдар қойылған. Сонымен қатар, билік еткен қазақ хандары, билері, батырлары туралы экспозиция орналасқан.
Екінші залда ауданның құрылу тарихынан бастап басқарған басшы­ларының фото-суреттері, құжаттары қойылған. Сондай-ақ, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлері мен еңбеккерлері, қуғын-сүргін құрбандары туралы мұралар өлкені тануға негізделген. Үшінші зал – Тәуелсіздік залы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміз­дері, Ата Заңның және басқа да ірі тарихи маңызы бар құжаттардың қабылдануы, Елбасының Жолдаулары, сондай-ақ, аудандағы “100 аурухана, 100 мектеп” бағдарламасы бойынша тұрғызылған ғимараттар, тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өңдірген өнімдері музей экспозициясында орын алған.
Жуырда музей іші жаңа жәді­герлермен толығады. Олардың қата­рында Қазалыда мекен еткен және әлі де кездесетін құстар, жауарлар, аңдар және осы өлкенің құнарлы топырағынан нәр алған бақша өнімдері мен жеміс-жидектер орын алады. Сондай-ақ, музейге келушілер киіз үй ішінде орналасқан қазақ халқының тұрмыстық құрал-жабдықтарымен таныса алады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 тамыз 2018 ж. 2 635 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930