Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылорда – сырға толы мекенім

Қызылорда – сырға толы мекенім

Жуырда облыс орталығында Қызылорда облысының 85 жылдығына арналған ақындар мүшайрасы өтті. Өңірдегі ардагер-ұстаздар арасында ұйымдастырылған сайысқа ҚССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ардагер ұстаз Айжахан Ысқақ қатысып, аудан абыройын қорғады.
Саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаз екінші орынды еншілеп қайтты. Айжахан апайды жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Қызылорда – сырға толы мекенім
Туған өлкем, Сыр елі қасиеттім,
Талай нәубат жылдардан аcып өттің.
Өзің жайлы тербеліп,толғанайын,
Жүрегімнің толқыны басыл деп бір.
Жылдар жылжып желдей зулап еседі,
Көне тарих сыр шертеді кешегі.
Қызылорда-қыпшақ,қазақ хандығы орталық,
Ұлы Алаштың астанасы деседі.
Қызылордам мәлім болған бұрыннан,
85 жыл облыс болып құрылған.
7 аудан, 1 қаланың ордасы,
Әлем танып түспей келед(і) тұғырдан.
Кең далаңда жайқалған ақ күрішің,
Шалқияңда да қорғасын мен мырышың.
Құмкөліңде мұнай мен газ ырыс боп,
Шартарапқа жетсін еңбек тынысың.
Елім жерім байлығым- жан асылым,
Шежіре боп шертілді дала сырың.
Ұрпағыңмен қауышты бүгінгі күн,
Жанкенттей тарихи қалашығың.
Қорқыт бабам алып кешен киелім,
Рухыңа тағзым қылып,бас иемін.
Мұражайда сақтаулы тұр қобызың,
Ескерткіштен естіледі киелі үн.
Қалжан Ахун орын алған қатардан,
Тарихы бар медресе -мектеп атанған.
Құнанбай кеп аттанарда Меккеге,
Осы жерден дұға тілек бата алған
Бегім Ана лайық ата атына,
Ұғындырған шындық сырын жалпыға.
Өтірікпен өрілсе өмір- өкініш,
Зиян тиер өзіңе де халқыңа.
Жаңқожа, Бұқарбайлар бас болатын,
Айбарынан жау ығып,жасқанатын.
Танылған елдік, ерлік жырларымен,
Тұрмағамбет, Әбділдә, Асқар ақын.
Батырлармен қауыштық атағы алып,
Әйтеке, Жетес биден бата дарып.
Мақтан еттік Ыбырай Жахаевты,
Екі мәрте рекорд жасады анық.
Ел басына күн туғанда түнерген,
Қан майданда қару алды кілең ер.
Жеңіс күнін жақындатқан жауынгер,
Ерлігің мен қалды ұрпаққа өнегең.
Мұстафа, Ғани, Үрмәш жалыны бар,
Әуелбек, Исалардай ғалымы бар.
Ильин, Мария, Абылайханның,
Спортта әлем таныр арыны бар.
Ең алғаш темір тұлпар тізгіндеді,
Өр еңбекпен өрілді ару қыз күндері.
Шырынкүл мен Жадыра, Зәхираның,
Еңбектегі үлгі боп қалды іздері.
Қайым айтыс түрі бар ілгеріден,
Басталыпты Ұлбике, Күдеріден.
«Алтын домбыра» 3 рет жеңіп алды,
Ақын Мұхтар жыр тұлпар өлеңімен.
Тыңдаудан ел сүйсініп жалықпады,
Роза,Мәдина әні қалықтады.
Қайырбай,Қуантай салған мүсін сурет,
Сырлы әлемнен ғажайып танытқаны.
Экспорттап, шикізат, кен алысқа,
Байқоңырдан жол ашылды ғарышқа.
Қызылордам өсіп жатыр күн санап,
Әуе, көлік, теміржолым қарыштап.
Жаз аптап, жерім сыр боп жатқанымен,
Тәуелсіздік бейбіт күн ақ таңым ең.
Ақеспе-ыстық бұлақ жанға дауа,
Жаңақорған- шипалы батпағың ем.
16 Еңбек Ері шыққан Аралым,
Әлем тіккен өзіңе әркез назарын.
Астың дәмі тұз өндіріп жатқан ел,
Тарқамасын теңізден құт базарың
Туған өлкем әлі талай сырың бар,
Кейінгі ұрпаққа иемденіп ұғып ал.
Зауыт қазір құмынан да Шөміштің,
Жасап жатыр түрлі бұйым, шынылар.
Қызылордам - Сыр Алаштың айбары,
Тілім,салтым бұзылмаған қаймағы.
Өркендей бер қойнауы құт мекенім,
Әлі талай жазылар жыр ойдағы.
21 қазан 2023 ж. 254 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031