Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар жолы ұлылық

Ұстаздар жолы ұлылық

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде ардагер ұстаздармен кездесті.
Қазақ КСР еңбегі сіңген мектеп мұғалімі Гүлжаһан Шалболова, КСРО, Қазақ КСР халық ағарту саласының үздігі Айзада Ешмаханова, ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жеткербай Махамбет, ҚР білім беру ісінің үздігі Бибісара Есмағамбет, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР білім беру ісінің үздігі Күміс Қаймақбаева, ардагер ұстаз Серік Бәйменов, ҚР білім беру ісінің үздігі Кәдіркүл Жұбатқанова, ардагер ұстаз Кәдірбек Бекетов, Ерпазыл Жүсіпов қатысты.
Басқосуды ҚР білім беру ісінің үздігі, білім беру саласының құрметті қызметкері, аудандық білім беру саласы ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Қуанышбаев ашып, ардагер ұстаздарды таныстырды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ардагер ұстаздарды халықаралық қарттар және алда келе жатқан мұғалімдер мерекесімен құттықтады.
Ардагер ұстаздарға облыстық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева да мерекелік лебіздерін жеткізіп, құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң биыл зейнет демалысына шыққан Дөңес Мешітбай білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап та қатысып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Жиын барысында ардагер ұстаздар мерекеге орай кездесу ұйымдастырған аудан басшысына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 қазан 2021 ж. 684 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031