«Шоқан тағылымы» атты тарихи-танымдық конференция өтті
Қазалы аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, археолог, шығыстанушы, фольклоршы,этнограф, географ зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жылдығына орай «Шоқан тағылымы» атты тарихи – танымдық конференциясы болып өтті.
Шараның мақсаты Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету.
Конференцияның алғы сөз кезегін ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер ұлағатты ұстаз,зейнеткер Бекет Қәдірбек ашып Шоқан Уәлихановтың өмірімен, қызметімен танысу арқылы, ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып білуге болатынын айтты.
Сонымен қатар тарихи-танымдық конференцияға қатысқан ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер білікті ұстаз, зейнеткер Қуанышбаев Серік Шоқан тағылымы біздерге, ұлттық тарихи сана мен ойдың жетілуіне, кешегі өткенімізге жаңаша көзқарастың қалыптасуына жол ашады. Бізге Шоқан мұралары құндылығымен қымбат екендігін айтып, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің мұғалімі Ысмағұл Жәния Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің студенті Ерболқызы Алтынай , Қазалы аудандық тарихи – өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Тілеуқабыл Жанат өздерінің баяндамаларын оқып шын мәнісінде, халқымыздың біртуар ұлы Шоқан Уәлиханов қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырып кетті. Қазақ халқы үшін оның ағартушылығы мен этнографтығы, халық ауыз әдебиеті туындыларын жинаған еңбегі тағы бір төбе екендігін айтып өтті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат