Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қызылордада дәстүрлі өнер академиясы ашылады

Қызылордада дәстүрлі өнер академиясы ашылады

Қызылорда облысында рухани жаңғыру орталығы ашылды. Былтыр аймақта Елбасының бағдарламасы аясында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 79 жоба жүзеге асқан. Бұл туралы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Астанаға арнайы келген ол, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен де таныстырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда жастар қауымына ерекше назар бөлініп отыр. Жоғары оқу орындарында арнайы кафедра ашылып, тақырыптық пәндер енгізілді. Ал мектеп оқушылары үшін «Өлкетану» оқулығы дайындалып жатыр. Оған облыстық бюджеттен 25 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұдан бөлек жыр сүлейлері шыққан киелі аймақ жас өнерпаздарды қолдауға ниетті. Осыған орай өнер академиясы ашылмақ. Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі: - Сыр бойында бірнеше жыраулық өнер мектептері қалыптасқан. Сондықтан біз үкіметке, ұлттық жаңғыру комиссиясына Қызылордада дәстүрлі өнер академиясын ашу туралы ұсыныс жасадық. Ішінде колледж, бакалавр, магистратура керек. 250-300 студенттен артығы керек жоқ. Дайындық жұмыстарын облыстық бюджет есебінен атқарып жатырмыз. Бәрін өзіміз шешеміз, тек болашақта үкіметтің қаулысы шықса болғаны. Облыс басшысының айтуынша, аймақта туризм саласын дамыту мақсатында бірнеше жоба қолға алынған. Нақты айтар болсақ Жанкент, Сортөбе, Жент, Сығанақ, Шірік-рабат қалашықтары мен Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D-картасы әзірленбек. Сонымен қатар былтыр Қорқыт Ата мұралары алдын ала ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени мұра тізіміне енгізілді. Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі: - Өткен жылдың өзінде 15 мыңға жуық турист Қорқыт атаның басында болды. Біздің мәдениетімізбен, тарихымызбен танысып, қызығушылық пайда болып жатыр. Ұлы Жібек жолыныңы Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолында салынуы біздің Сыр бойындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріміздің туристік айналымға енуіне мүмкіндік жасап отыр. Ендігі кезекте Байқоңырды ғарыш айлағымен ғана байланыстырып қоймай, туристік орта ретінде дамыту жоспарланған. Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі: - Біріккен Араб Әмірліктерінен министр келіп кетті. Байқоңырда бірнеше үлкен стартовый комплекс бар. Соның үшеуін олар алып, сол жерде жұмыс істеу үшін олар қаржы салуға мүдделі. Туризмге байланысты мейманхана, сервистік орталықтар салуға өздері мүдделі екенін айтып отыр. Сонымен қатар Қызылорда облысында Елбасы бағдарламасы аясында «сотсыз татуласу орталығын» ашу көзделген. Кезіндегі билер институты мен ақсақалдар алқасын жалғастыруды көздейтін пилоттық жоба даулы мәселелердің қатарын азайтуды мақсат етеді.
Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Наурыз Базаров
24.kz

24 мамыр 2018 ж. 1 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930