Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениетті өрістету – мерейлі міндет

Мәдениетті өрістету – мерейлі міндет

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстары мен алға қойған міндеттеріне байланысты алқа мәжілісі өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов төрағалық еткен мәжіліске кент, қала және ауылдық округ әкімдері, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Гүлдерайым Досбергенқызы, мәдениет ұйымдарының басшылары, кітапхана, сала қызметкерлері қатысты.
Жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев хабарлама жасап жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер жайын ортаға салды.
Ономастика, мемлекеттік тіл саясаты бойынша сауалдар қойылып, жауапты мамандарға бірқатар міндеттер жүктелді.
Биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай облыстық күйшілер фестивалі, «Көзімнің қарасы» атты Абай өлеңдерінен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы кемеңгер әл-Фараби» атты облыстық жас ақындар айтысы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай қисса-дастан орындаушылар арасында облыстық фестивалі және «Қазақ үні» атты халықтық ұжымдардың облыстық конференциясы, Ұлы ағартушы Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына орай облыстық жабық сценаристер байқауы, үш арыс С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 125 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Жанкент шаһарының 1300 жылдығын, Кеңес өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің 90 жылдығына, басқа да атаулы мерекелерді жоғары деңгейде өткізу мақсатында ауылдық мәдениет ошақтарында түрлі форматта мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен бірге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық дәстүрлі әншілер байқауы, Жәмет жырау атындағы жыр-терме үйірмесін жандандыру мақсатында «Елім деп жыр төгілткен Жәмет жырау» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, «Сыңғырла, сазды сырнайым» атты облыстық баян аспабымен ән орындаушылар байқауын өткізу жоспарға енгізілді. Аталған шараларды жоғары деңгейде өткізу тапсырылып, бірлесе жұмыс жасау ұйғарылды.
Алқа соңында өңіріміздің мәдениетін өркендетуде қажырлы еңбек етіп жүрген бір топ мәдениет қызметкерлері марапатталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 ақпан 2020 ж. 993 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930