Алқа мәжілісі өтті
Бүгін Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылы атқарылған жұмыстары мен алға қойған міндеттеріне байланысты алқа мәжілісі өткізілді.
Алқа мәжілісін аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Мәжіліске кент, қала және ауылдық округ әкімдері, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Гүлдерайым Досбергенқызы, мәдениет ұйымдарының басшылары, кітапхана, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында ауданымыздағы мәдениет саласындағы 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы хабарлама жасады. Хабарламадағы атқарылған жұмыстар мен алда орындалатын міндеттер сараланды.
Алқада біршама мәселелер мен орын алған кемшіліктер туралы айтылды. Осы айтылған кемшіліктерді жоюды және алдағы уақытта бұндай мәселелерді болдырмау үшін тиісті жұмыстар жасауды қатаң тапсырды.
Ономастика саласы, мемлекеттік тіл саясаты бойынша тиісті сұрақтар қойып, жауапты мамандарға міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай облыстық күйшілер фестивалі, «Көзімнің қарасы» атты Абай өлеңдерінен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы кемеңгер Әл-Фараби» атты облыстық жас ақындар айтысы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай қисса – дастан орындаушылар арасында облыстық фестивалі және «Қазақ үні» атты халықтық ұжымдарының облыстық конферениясы,Ұлы ағартушы Ш.Уалихановтың 185 жылдығына орай облыстық жабық сценаристер байқауы, және үш бәйтерек С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларын,Ұлы Жеңістің 75 жылдығына,Жанкент Шаһарының 1300 жылдығын,Кеңес өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің 90 жылдығына орай басқа атаулы мерекелерді жоғары деңгейде өткізу мақсатында барлық ауылдық мәдениет ошақтарында мерейтой аясында түрлі форматта мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы «Ақ баян» атты облыстық дәстүрлі әншілер байқауы, Жәмет жырау атындағы жыр-терме үйірмесін жандандыру мақсатында «Елім деп жыр төгілткен Жәмет жырау» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, «Сыңғырла, сазды сырнайым» атты облыстық баян аспабымен ән орындаушылар байқауы ұйымдастырып өткізу жоспарға енгізілді.
Осы шараларды жоғары деңгейде өткізу тапсырылып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды
Алқа соңына өңіріміздің мәдениетін өркендету жолында еңбек етіп жүрген бір маденитг топ қызметкерлері марапатталды.
Алқа мәжілісінің қаулысы қабылданып, ағымдағы жыл көлемінде атқарылар міндеттер нақтыланды.

"Қазалы" ақпарат