Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар бағындырған белес

Балалар бағындырған белес

Жыл сайынғы дәстүр бойынша сағынта жеткен “Бозторғай” байқауы әрбір ауданнан іріктелген бүлдіршіндерді облыс орта­лығына топтастырып, екі күн қатарынан дүбірлеген өнер додасын өткізді. Жас өрендер аспапта орындау, вокал, халықтық орындау, көркемсөз, хореография жанры бойынша сайысқа түсті.

Қызылорда қаласындағы об­лыс­тық филармониядағы шы­ғар­машылық байқауында қашанда ән-жырдан кенде емес Қазалы ауданының өнерпаздары озық өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, Жанқожа батыр ауылының №94 мектеп оқушысы Мадияр Серік вокал, Аяжан Шынберген халықтық орындау, Лақалы ауылындағы №93 мектеп оқушысы Нұрасыл Әділбек көркемсөз оқу байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болды.

Аспаптық ансамбль жанрында №266 мектеп-лицей оқушысы Асылбек Бұрханадин, “Халықтық орындау” жанры бойынша аудандық оқушылар үйінің терме үйірмесінің мүшесі Абылай Құнанбайұлы, халықтық орындау жанрында №165 мектеп оқушысы Өтеп Батырбек, көркемсөз оқу жанрында Байқожа ауылындағы №258 мектеп оқушысы Наргиза Бисенбай мен №216 мектеп оқушысы Нұрболат Төлеш бірінші орынды жеңіп алды. Ал, Қорқыт ата атындағы ау­дандық балалар музыка мек­тебінің терме класының оқу­шысы Балауса Мылтықбай, Қазалы қаласындағы №17 мек­теп оқушысы Диас Ілияс екінші, аудандық балалар музыка мектебінің терме класының оқушысы Бағдәулет Шындәулетов, №249 мектеп-лицей оқушысы Аман Шарападин мен аудандық мәдениет орталығының «Ақжелең» би тобы үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұл сайысқа шалғайдағы Лақалы ауылынан бірнеше өнерпаз қатысты. Вокал жанры бойынша орта топта бақ сынаған Күнімай Нағашыбай жақсы өнер көрсеткені үшін диплом иеленді. Көркемсөз жанрында топ жарған Нұрасыл Әділбекті сындарлы сынаққа дайындаған Лақалы ауылдық клубының драма үйірмесіне жетекшісі Айнұр Әлімбаева.

– Нұрасыл №93 орта мектепте 7 сыныпта оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы, клуб жанынан құрылған ән және драма үйірмесінің белсенді мүшесі. Биге де икемі бар. Ол ақын Ф.Оңғарсынова, М.Мақатаевтың өлеңдерін құмарта оқып, көбісін жатқа біледі. Үйреткеніңді тез қағып алады, – деп әлі талай жетістікке жетеріне сенім білдірді.
Жеңісбек СОВЕТҰЛЫ
23 сәуір 2019 ж. 2 725 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 46

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 42

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 41

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 37

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031