Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Мелодинка" баянистер ансамблі жеңіспен оралды

"Мелодинка" баянистер ансамблі жеңіспен оралды

Қызылорда облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының хабарламасына сәйкес 2018 жылдың 23 наурыз күні Астана қаласындағы Оқушылар Сарайының базасында Ұлттық Дельфий Комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Астана жас толқыны» халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы байқауына (Дельфий ойындары) Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің "Мелодинка" баянистер ансамблі (Жетекшісі: Д.Келжанов) "Ансамбль" номинациясы бойынша 12-15 жас аралығы бойынша қатысып үшінші орын және "баян" номинациясы бойынша жеке орындауда 12-15 жас аралығы бойынша баян класының 6-сынып оқушысы Мылтықбай Ербол (Жетекшісі:Т.Маханбетжанов) бірінші орын иеленді.
"Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша 8-11 жас аралығы бойынша терме класының 1-сынып оқушысы Мылтықбай Балауса екінші орын, 12-15 жас арылығы бойынша терме класының 5-сынып оқушысы Өтеп Батырбек (Жетекшілері: С.Бисембаева) екінші орын иеленді. Аталған ұстаздар мен оқушыларды мектеп ұжымын жеңістерімен құттықтаймыз. Әрдайым жеңіс тұғырынан көрініңіздер!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
26 наурыз 2018 ж. 1 728 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930