Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әуез мектебіндегі әсерлі кеш

Әуез мектебіндегі әсерлі кеш

Қорқыт ата атындағы аудандық әуез мектебінде «Өнерім – өмірімнің азығы» атты түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті. Бұл күні таланттардың томағасын сыпырған алтын ұяның елдің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орнында білім алатын шәкірттер жиылып, өз өнерлерін көрсетті.
Шараны мектеп директоры, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Сәукен Әліш ашып, лебізін жеткізді.
– Бұрын әуез мектебі табал­дырығынан аттаған ата-аналардың түсінігінде «балам бос жүрмесе болғаны» деген ой қалыптасқаны рас. Бүгінгі таңда олардың эстетикалық көзқарасы өзгеріп, «балам кәсіби маман болып шықсын» деп келіп жатқаны қуантады. Соның нәтижесінде, мектебіміздің шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүр.
Бүгінгі таңда Әуез мектебінде 700-ге жуық өрен өнердің түрлі жанрында дәріс алып, өз қабілеттерін ұштауда. «Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, талантты оқушыларды баптағымыз келеді. Осы ретте біз аспаптардың түрін көбейтіп жатырмыз. Скрипка, виолончель, саксофон, қылқобыз кластары жүйелі жұмыс жасауда. Қорқыт баба туған өңірде қобыз аспабының, жалпы өнердің шоқтығы биік тұруы керек екендігі айтпаса да түсінікті. Жылдан-жылға аспаптар жаңалануда. Қазан айында аудан әкімінің қолдауымен Германияның Мюнхен қаласынан шыққан роял алдық. Қымбат тұратын баяндар әкелінді. Әрине бұл аспаптарды ойнамайынша, баланың шеберлігі шыңдалмайды. Жас өрендердің кәсіби деңгейге көтерілуі үшін – екінің бірінің қолына түсе бермейтін сапалы аспаптарды ұстап көргені тиімді.
Біздің мектептің өзінен Астана, Алматыдағы консерваторияда көптеген шәкірттеріміз өз білімдерін жетілдіруде, – деді мектеп басшысы.
«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» демекші, скрипканың сыры мен қылқобыздың мұңын, қастерлі домбыранын қасиетін ұғындырған ұлағатты ұстаздар алдында Айдос Тұрар, Ақнұр Көлжан, Нұрдәулет Қадырбай, Арман Төлеш, Нұрбек Төрекелді сынды көптеген шәкірттер өнерін ортаға салды. Қазақтың күйі мен жырынан бастап, орыс пен ағылшынның сазды әуездеріне дейін нақышына келтіре орындаған түлектер көрермендер көзайымына айналды.
Кеш соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Ләззат Ізбасхан сөз сөйлеп, өнер көкжиегіне қанат қаққан өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ
25 қаңтар 2020 ж. 934 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930