Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жылына – жыр-шашу

Жастар жылына – жыр-шашу

Жуырда Елбасының бастамасымен “Жас­тар жылының” салтанатты ашыл­уы жарияланғаны белгілі. Осы орайда Қорқыт ата атындағы аудандық балалар музыка мектебінің 55 жылдығы аясында “Біз таңдаған мамандық” тақырыбында ән кеші өтті. Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығындағы концертке еліміздің жоғары және арнаулы музыкалық оқу орындарында білім алып жүрген жергілікті студенттер өз өнерлерін көрсетті.

Республикалық, халықаралық сайыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүрген өнерпаздарды тамашалау үшін аудан әкімі мен ауданның атқамінер азаматтары арнайы келді. Шараның шымылдығын ашқан музыка мектебінің директоры С.Әлішев:
– Бүгін осы киелі сахнада кәсіби маман болуға талпынған талант иелері өнер көрсетеді. Біздің мақсат – музыка мектебінде тәрбиеленіп, білімін жетілдіріп жүрген өнер иелерін жиылған жұртқа таныстыру. Өлкемізде дәстүрлі әуен даму даңғылына түскенімен классика жанрын жетілдіру қажет. Сондықтан назарларыңызға заманауи аспаптарда орындалатын туындыларды ұсынып отырмыз, – деді.
Бұдан соң, туған жер халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған А.Көлжан, М.Жолшы, А.Дәрібаева, Б.Әліш, Қ.Ақынтай, А.Толыбай, Н.Зенидин, Б.Сыздықов, С.Бұзаубаева, Ә.Әбілтаева сынды тағы басқа жас таланттар өнер көрсетті. Сыбызғы мен күйсандық аспаптарының керемет үйлесімі көңілі жұмсақ көрерменді ерекше әсерге бөледі. Ал мектеп ұстаздарынан құралған вокальдық топтың “Туған елім – Қазақстан” атты әні шараны қорытындылады.
Концерт соңында аудан басшысы М.Ергешбаев әсерлі кеш үшін балалар музыка мектебі ұжымына жылы лебізін білдірді. Адам баласының жан дүниесін байытатын осындай мәдени кештер алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ


02 ақпан 2019 ж. 1 478 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930