Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Ақбаян" облыстық әншілер байқауы

"Ақбаян" облыстық әншілер байқауы

Сәрсенбі күні Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы “Ақбаян” атты облыстық әншілер байқауы өтті. Оған Қазалы, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы және Арал ауданынан 12 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты.

Әуезді сайыста аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
– Ән әлемінде өзіндік орны бар Мәдинаның талантты да, таза үнді ізбасарлары барда әншінің өнері өлмек емес. Қасиетін бағалаған қалың елі барда тау суындай сыңғыр дауысы мен қайталанбас дара тұлғасы мәңгі есте қалмақ. Оның туған елі – қасиетті Қазалы жері екендігі біз үшін үлкен мақтаныш, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Байқауда әділқазылар қатарында болған облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Бағдагүл Есмұрзаева, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Арман Әуезов пен Ғалия Оспан талапкерлердің өнерін сарапқа салды.
Екі кезеңде өткен шарада қазылар шешімімен ән шырқаудағы ерекшелігі үшін жерлесіміз Мадияр Жеткерген жеңімпаз ретінде танылып, бас жүлде табысталды. Бірінші орынды Сырдариядан келген Нұрбол Тұранов қанжығалады. Жаңақорғаннан Аманжол Сламов, Аралдан “Аманат” тобының мүшелері Айтуған Сембаев, Ерлан Едігеев екінші орынды місе тұтты. Қазалылық әншілер Әсел Тұрғанбаева мен Әмір Сариев және Сырдария ауданынан Динара Жакешова үшінші орынға тұрақтады. Ал аралдық Райхан Мәмбеталиева және қармақшылық Береке Нұрмағанбетов дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар қазалылық Нұрбибі Жаңабергенова “Көрермен көзайымы”, Айғаным Тілепова “Ақбаян”, жаңақорғандық Балауса Сахан “Әсем әуен” номинациясын иеленді. Барлық қатысушыға ақшалай сыйлық табысталды.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
07 желтоқсан 2019 ж. 1 668 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930