Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елбасы қоры журналистер арасында байқау жариялады

Елбасы қоры журналистер арасында байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен кітапханасы баспа және электрондық БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы халықаралық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату, халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету, баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау. Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу - дейді ұйымдастырушылар.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

"Үздік телевизиялық материал";
"Үздік радиоматериал";
"Газеттер мен журналдардағы үздік мақала";
"Ғаламтордағы үздік жарияланым";
"Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым".
Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай жүлде, диплом және төс белгі тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2019 жылғы 10 қазан мен 2020 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу өтінімдері 2020 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz и www.fpp.kz сайттары арқылы танысуға болады.
baq.kz
02 маусым 2020 ж. 732 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031