Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Шиелі және Қармақшы аудандарында өтеді

Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Шиелі және Қармақшы аудандарында өтеді

2019 жылғы 5 сәуірде, 15.00 сағатта Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтеді. 

«Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптық экскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында өткізіледі.

Экскурсияға келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылады.

2019 жылғы 6 сәуірде, 14.00 сағатта осындай экскурсия Қармақшы ауданы тұрғындары үшін ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының тақырыптық экскурсиялары Жосалы кентіндегі мәдениет үйінде өтеді.

Көшпелі тақырыптық экскурсиялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме ауқымды жобасының бір бөлімі болып табылады. Жобаның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсететін қор көрмесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы 2017 жылғы қарашадан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында көрме Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылып, оны 730 мыңнан астам адам тамашалады.
04 сәуір 2019 ж. 1 427 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930