Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы тағайындалды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын жариялады.
Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты - ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және талантты жас журналистерді тану, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына жәрдем беру. Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі. - Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет; - Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала; - Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі); - Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет. Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады. Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді. «Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз. Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында хабарланбақ. Еске салсақ, 18 мамырда белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Осыған орай ҚР Президенті мен Елбасы Бейсен Құранбектің жақындары көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
22 мамыр 2020 ж. 993 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 204

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 153

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930