Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы

Нұрсұлтан Назарбаев: Ассамблея - еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы

Ассамблея еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр», - деп тоқталды Елбасы.

Н.Назарбаевтың атап өтуінше, жаһандық әлем көз алдымызда қуатты трансформацияны бастан өткеруде.

Бүгінде экономика, қоғам өмірі, технологиялар түбегейлі өзгеріске ұшырағанына тоқталған Тұңғыш Президент, «Біз осы жаңашылдықтарды қабылдаудамыз, көбіне үйренудеміз, сондай-ақ басым бөлігін меңгердік», - деді.

Осы орайда Елбасы бұл әлемдегі қоғамның бірлігі, ұлтаралық келісім секілді тұрақты әрі маңызды құндылықтар бар екенін қадап айтты.

«Дәл осы аса маңызды фактор болашақ әлемде біздің бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
29 сәуір 2019 ж. 1 070 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930