Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбітшіліктің бекемдігі – бірлікте

Бейбітшіліктің бекемдігі – бірлікте

Қазақстан халқы Ассамблеясының кешегі XXVI сессиясында Ассамблея төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бес әлеуметтік бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстырудың тағы бір түрі - әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған», – деп атап көрсетті.
Шындығында да еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізде жатыр. Қазақстанды қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар соған шаншылған уықтар іспетті. Осы киелі орданың астында жүзден астам өзге ұлт өкілдерін біріктіре білген қазақ жұртына айтар алғысым шексіз. Олар қиын-қыстау жылдары ешкімді өзектен итермей, бір үзім нанды бөліп берді. Ыстық құшақтарын ашып, жанашырлық пейілдерін аямады. Біз нәубетті кезеңнің осы бір тақсіретін алдыңғы толқын аға-апаларымыздың аузынан естіп, көкейімізге түйіп өстік.
Кез келген мемлекетте қоғамдық келісімнің айрықша орны бар. Адамға бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден асқан бақыт болған емес. Тәуелсіздіктің көк байрағын желбіреткен Қазақстан Республикасында татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берілген. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі барлық ұлттар мен ұлыстардың, ынтымағын нығайтуда айтарлықтай жұмыстар атқарып отыр. Оның кезекті сессиясындағы айтылған мәселелер мемлекеттің өркендеп, ертеңінің жарқын боларына сенім ұялатады.
Елена КИМ,
жеке кәсіпкер
02 мамыр 2018 ж. 1 172 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930