Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев: Ассамблея – еліміздегі татулықтың кепілі

Назарбаев: Ассамблея – еліміздегі татулықтың кепілі

Ассамблея – еліміздің татулығы мен тұрақтылығының ең басты кепілі. Бұл жөнінде бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Ассамблея төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ассамблея құрылған күннен бастап біздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып жүреді. Бүгінгі еліміздің татулығы мен тұрақтылығының ең басты кепілі. Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларымды әр уақытта қолдап, халыққа түсіндіріп жүреді. Қазақстан жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі. Бүгінгі сессиямыз «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталады. Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы Президенттің бес бастамасын ұсынғанымды білесіздер. Бес әлеуметтік бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге ұлтты ұйыстырудың тағы бір түрі - әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Назарбаев бұл бағдарламаны табысты жүзеге асыру азаматтардың өз болашағына, мемлекетке, қоғамына, қала берді бір-біріне деген сенімін арттыратынын айтты.
«Бізде халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін мұндай әлеуметтік бағдарлама бұрын болған емес. Осының барлығы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан, елдігіміздің бойтұмары – ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы. Әйтпесе, өздеріңіз қазір біліп-көріп отырсыздар, дүниежүзінде көгінде туы, төрінде билігі болса да, бірлігі қашып, бүгіні де, болашағы да бұлдыр болған қаншама мемлекет бар. Біз осыны берік ұстанып, мызғымас ынтымақ-бірлігімізді, таусылмас ырыс-берекемізді бастау етіп, сеніммен қадам басып келеміз. Осы жолдан таймауымыз керек. Осы жолмен жүретін болсақ, барлық қиындықты еңсереміз, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет істейміз», - деген Елбасы Ассамблея сессиясының ашылуымен баршаны құттықтады.
28 сәуір 2018 ж. 1 338 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930