Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20,  күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. 15-17 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. 15 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бүгін, ІІМ ТЖ комитетінің мәліметі бойынша, сағат 00.15 - тен бастап ШҚО-дағы Алматы-Өскемен тас жолында Алматы облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін 615-768 шақырым жол жабылды. Сондай-ақ Өскемен - Зырян - Рахман қайнарлары трассасының шағын бөлігі жүк көліктері үшін жабық.
12.30-дан бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстық маңызы бар Үшарал - Қамысқала автожолы учаскесінде 7-60 шақырым, автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
kaz.tengrinews.kz
15 ақпан 2019 ж. 1 081 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930