Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейіп, бұрқасын болады

Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейіп, бұрқасын болады

20 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, кей облыстарда бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
20 желтоқсан 2018 ж. 1 101 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 24

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930