Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инвесторлар елді емес, жайлы өмір сүретін қаланы таңдайды

Инвесторлар елді емес, жайлы өмір сүретін қаланы таңдайды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, өзге қалаларға озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
ҚР Президентінің бүгін жарияланған Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы да қамтылған.
«2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады», - делінген Жолдауда.
Осы орайда Елбасы «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізуді тапсырды.
«Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек», - делінген Жолдауда.
Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналатынына сенімді.
baq.kz
10 қаңтар 2018 ж. 1 540 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 175

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031