Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алуа Жолдыбалина: Негізгі мақсат цифрлық дәуірге бейімделу

Алуа Жолдыбалина: Негізгі мақсат цифрлық дәуірге бейімделу

Бүгін Елбасы Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі Жолдауына орай арнайы мәлімдеме жасады. Осыған орай танымал сарапшы Алуа Жолдыбалина өз пікірін білдірді.
«Мәлімдемеде айтылғандай, биылғы Жолдау негізгі 10 бағыттан тұрады. Негізгі мақсат халықтың цифрлық дәуірге бейімделуі болмақ. Бұл дегеніміз - Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы ел дамуының кілті цифрлық технологияда екенін көрсетеді. Осындағы айрықша атап өтетін бағыт – ашық үкімет. Яғни, мемлекеттік басқаруға цифрлық технология арқылы халық белсенділігін арттыру» - дейді сарапшы.
Маман ашық үкімет қалыптастыруда дамыған елдердің тәжірибесі де артық етпейтінін айтады.
«Елбасы өз мәлімдемесінде «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз» деді. Демек, біз дамуға даңғылына түсеміз десек, әлемдік тәжірибеден қашпауымыз керек. Мысалы, Финлияндия ашық үкіметтің алғышарттарын жасады. Біз де осы тәжірибені дамытуымыз керек» - дейді Алуа Жолдыбалина.
Baq.kz
09 қаңтар 2018 ж. 1 578 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 64

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031