Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстанда жасалған» брендін әлем тануы тиіс

«Қазақстанда жасалған» брендін әлем тануы тиіс

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» брендінің шетелде танылуын көтеріп, агроөнеркәсіп кешенінде «Ақылды технологиялар» енгізуді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
«Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды», - делінген Жолдауда.
Елбасының айтуынша, аграрлық ғылым ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек.
«Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауы тиіс. Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі. Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады», - делінген Елбасы Жолдауында.
Президент жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын төмендетеді деп санайды. Ал жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.
«Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді», - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.
«Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет. 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын», - делінген Жолдаудың үшінші міндетінің соңында.
baq.kz
10 қаңтар 2018 ж. 2 038 0

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 24

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 83

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 102

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 102

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 103

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031