Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәулеті мен дәулеті келіскен өңір

Сәулеті мен дәулеті келіскен өңір

Кеше Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызме­тінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Аймақ басшысы күріш шаруашылығы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінде жетекші сала болып қала беретіндігін айтты.
“Биылғы су тапшылығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан 473 мың тонна (54,5 ц/га) күріш өнімін жинадық. Және ағымдағы жылы судың жетіспеуіне байланысты 600 мың га күріш егістігін жоғалттық. Сондықтан да, осындай жағдайларды болдырмау үшін қазір өңірде су тасқыны кезеңінде 2 млрд м3-тан астам су жинайтын “Күміскеткен” және “Қараөзек” су қоймаларын салу мәселесін қарастырудамыз”, – деді облыс әкімі.
Қызылордалық аграрлар Моңғолия, Түркия, Ауғанстан нарықтарын игеруде. Дәстүрлі өнімдерінен бөлек Иранға экспорттау үшін Иран сорттарын да шығару қолға алынған.
Сонымен қатар, облыс әкімі өңірде апатты мектептер мәселесі толығымен шешілгенін, «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Бұған қоса, өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
«2013 жылдан бері 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Ол – білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салалары бойынша. Мысалға, 57 апатты жағдайдағы денсаулық сақтау мекемесінің орнына, 49 жаңасы салынды, қалғаны 2019 жылы тұрғызылады», – деді өңір басшысы.
Бұдан бөлек, облыс әкімі аймақта 69 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргі­зіліп жатқанын мәлімдеді. Нақтырақ айт­сақ, 1747 пәтерге есептелген 69 тұрғын үйдің 55-і ағымдағы жылы, оның ішінде Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғын үй, яғни тұтас шағын мөлтек аудан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Өңірде 2013-2018 жылдары 2,6 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, ал, соңғы 2 жылда мемлекеттік қаражат және жеке мердігерлердің есебінен 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.
Сонымен қатар, соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы (ИЖС) шеңберінде 24 мыңнан астам жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Нәти­жесінде, тек 2017 жылдың өзінде тұрғындарды баспанамен қамту 17%-ға жуық, ал, 2018 жылдың 9 айында тағы 4%-ға өсті.
Аймақ басшысының мәлімдеуінше, мұнай өнімінің төмендеуіне қарамастан облыс экономикасы даму үстінде.
“Экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз қызметкерлерді кәсіпорындардан жаппай қысқартпауға ғана емес, соңғы 6 жылда 68 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға қол жеткіздік”, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, өңірде сумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері шешімін табуда. Қазіргі таңда аймақ халқының 95% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 63% табиғи газды тұтынады. Өткен жылы Қызылорда қаласын және 7 аудан орталығының 4-уі газдандырылды. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді. Биыл қалған үш аудан орталығына, атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарына газ жеткізілетін болады. Ал 2019 жылы елдімекендердегі газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға қарай тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 95%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.
Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімі журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.
Алдажар Алпамыс
06 қараша 2018 ж. 1 235 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930