Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 жыл ішінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды

6 жыл ішінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды

Сыр өңірінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Олар денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары болып табылады. Бұл туралы Астана қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, соңғы 5 жылда халықтың жан басына шаққанда әлеуметтік салаға арналған бюджет шығыстары бойынша облыс республикада көшбасшы болып келеді.
"2013 жылдан бастап 200-ден астам әлеуметтік сала нысандары пайдалануға берілді. Олар - денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет саласының нысандары. Мысалы, 57 апаттық медициналық бекеттің орнына 49-ы салынды, қалғаны 2019 жылдың бірінші жартысында іске қосылады», - деді аймақ басшысы.
Осыған орай, 2013 жылдың басындағы есеп бойынша апаттық жағдайдағы 37 мектеп анықталса, бүгінде үш ауысымдық оқу және апаттық мектептер мәселесі толықтай шешілді.Сонымен қатар, облыста "Балапан" бағдарламасы мерзімінен бұрын іске асырылды - 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамту мәселесі 100% шешімін тапты. 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңірде Жаңақорған мен Жалағаш аудандарындағы 2 мектеп апатты жағдайда деп танылды, бұл мәселе назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
05 қараша 2018 ж. 1 252 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930