Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы: 5 жылда агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестиция көлемі 23 есеге өсті

Қызылорда облысы: 5 жылда агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестиция көлемі 23 есеге өсті

Ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
«Осы уақытқа дейін ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз. 2017 жылы - 4,1 пайызға артып отыр», - деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін - 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.
"Байқоңыр" агрохолдингінің құрылуы аймақтағы күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кету керек, Ы.Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу институты және Бүкілресейлік күріш институты бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сұрыптарын шығаруда.
«Бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 %-ға асып түсті. Тек соңғы бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты - 39%-ға, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге өсіп отыр»,-деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні, Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі-С.Қизат, ҚР Ішкі істер министрі-Қ.Қасымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы- Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы таратылды.
14 ақпан 2018 ж. 1 375 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930