Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде 7,4 мың жүргізуші денсаулығына байланысты көлік айдау құқығынан айырылды

Елде 7,4 мың жүргізуші денсаулығына байланысты көлік айдау құқығынан айырылды

Қазақстанда 21 мыңнан астам жүргізушінің көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бары анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
жүргізуші
Фото: Freepik
Ведомство Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілердің денсаулық жағдайына қатысты мәліметтерді тексеріп жатыр.
Бүгінде медициналық қарсы көрсетілімдері анықталған 21 мыңнан астам жүргізуші тіркелген. Сонымен қатар 2 246 адам әртүрлі негіздер бойынша диспансерлік есептен шығарылды.
13 мыңнан астам адамға қатысты аумақтық полиция департаменттері сотқа талап-арыз берген. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 7,4 мың жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.
Министрлік өкілдері жүргізушінің бойынан қандай да бір диагноздың анықталуы көлік жүргізу құқығынан автоматты түрде айырылады дегенді білдірмейтінін ескертті.
Шектеу адамның денсаулық жағдайы көлікті қауіпсіз басқаруға әсер етуі мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады. Ал жүргізуші куәлігінің күшін тоқтату туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі Денсаулық сақтау министрлігінің № 853 бұйрығымен бекітілген.
— Абсолюттік қарсы көрсетілімдер қатарына көлікті қауіпсіз басқаруға мүмкіндік бермейтін кейбір аурулар мен жағдайлар жатады. Олардың ішінде эпилепсия, екі көздің көрмеуі, кейбір ауыр психикалық бұзылыстар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты белгілі бір психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бар. Бұл ретте көру, есту немесе тірек-қимыл аппаратының жекелеген бұзылыстары кезінде арнайы талаптарды орындап немесе бейімдеу құралдарын пайдаланып, көлік басқаруға рұқсат етілуі мүмкін. Мысалы, көзілдірік, байланыс линзалары, есту аппараты немесе қолмен басқару құрылғылары қолданылуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Жүргізушіден медициналық қарсы көрсетілім анықталып, заңнамада көзделген негіздер болса, ақпарат ішкі істер органдарына беріледі. Одан кейін тиісті негіздер болған жағдайда полиция сотқа жүгінеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада мас күйінде көлік жүргізген ер адам бір жылға сотталғанын хабарлағанбыз.

04 қыркүйек 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930