Қырғызстанда жер сілкінді
Фото: istockphoto.com20 қараша күні сағат 02:39-да Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Ол 19 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің эпицентрі Бор-Дөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан.
Бор-Дөбе ауылында жер сілкінісінің күші 3 балды құрады.
Жер сілкінісінен қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында да жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын.










