Egov әлемдік рейтингте 16-орынға көтерілді
Фото: shutterstockҚазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде 24-орыннан 16-орынға көтерілді. Бұл топта Қазақстанмен бірге Сингапур, Дания, АҚШ, Ұлыбритания және Эстония бар.
2026 жылы рейтингтің ең жоғары тобына барлығы үш мемлекет алғаш рет кірді. Олар – Қазақстан, Ирландия және Польша. Қазақстан 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда Швеция, Германия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып кеткен. Елдің индексі 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өскен. Ал әлемдік орташа көрсеткіш – 0,6675.
Осылайша Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Рейтингте Өзбекстан 32-орында, Әзербайжан 38-орында, Ресей 50-орында орналасқан.
Қазақстан цифрлық инфрақұрылым бойынша да алға шықты
БҰҰ есебінде Қазақстанның интернет пен мобильді байланысты дамытудағы жетістігі де атап өткен. Бұл бағытта ел 41-орыннан 13-орынға көтерілген. Телекоммуникация инфрақұрылымының деңгейі бойынша Қазақстан Эстониямен бірдей көрсеткішке жетті.
Сонымен қатар ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығы шамамен 1,5 есе артқан. Білім мен дағды деңгейі бойынша Қазақстан 42-орыннан 28-орынға көтерілген. Ал цифрлық үкіметтің құқықтық негізі БҰҰ-ның ең жоғары бағасын алды.
БҰҰ Орталық Азияны 2026 жылғы цифрлық даму саласындағы табысты аймақтардың бірі деп атаған. Есепте eGov.kz және eGov Mobile платформалары мемлекеттік қызметтерді бір жүйеге біріктірудің үлгісі ретінде көрсетілген.












