Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар

Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар екендігін мәлімдеді.

 Қазіргі таңда облыста 8,7 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасқан. Оның 2,2 мың тоннасы тұрақтандыру қорының өнімдері. Бұл мақсатқа 1,2 млрд. теңге бөлінді.
 «Соңғы 5 жылда аграрлық сектордың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4%-ға өсті. Бұл инвестициялардың жоғары өсу қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Тек соңғы жылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі екі есеге өсті», – деді Гүлшара Наушақызы.
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 9 пайызға өскен. Осы экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнімді құрайды.
2020 жылы алғаш рет шет елге қамыс экспортталды. Оның алғашқы 685 тоннасы Германияға жіберілді. Сондай-ақ, Сыр елінен әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.



 

18 ақпан 2021 ж. 2 339 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930