Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушы қауіпсіздігі – мектеп пен отбасының бірлескен жауапкершілігі

Оқушы қауіпсіздігі – мектеп пен отбасының бірлескен жауапкершілігі

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, ақпараттық, психологиялық өзгерістер балалардың қауіпсіздігіне жаңа талаптар қояды. Бала тек мектептің ғана емес, бүкіл қоғамның ең негізгі құндылығы болып табылады. Оқушының физикалық, психологиялық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — білім беру ұйымдарының да, ата-ананың да ортақ міндеті. Сондықтан мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, өзара түсінігі және жауапкершілігі оның қауіпсіз тұлға болып қалыптасуының басты кепілі.
Баланың қауіпсіз ортасын қалыптастыру ортақ мақсат. Бүгінгі таңда төнетін қауіп түрлері көбейіп отыр. Олар: буллинг және кибербуллинг, құқық бұзушылық, интернеттегі алдау, зорлық, зиянды контент, психологиялық қысым,эмоционалдық күйзеліс, жол-көлік оқиғалары және тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері.
Мұндай көп қырлы қауіптерге қарсы тұруда мектеп пен отбасының күш біріктіруі стратегиялық маңызға ие. Мектеп баланы тәрбиелеу мен білім берудің орталығы болса, отбасы оның алғашқы және негізгі қорғаныс кеңістігі.
Мектептің негізгі міндеттеріне қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін күшейту, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ата-анамен серіктестік қарым-қатынас орнату жатады.
Мектеп әкімшілігі оқу ғимаратындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, бейнебақылау, турникет, күзет қызметінің тиімділігін, төтенше жағдай ережелері бойынша тұрақты оқу-жаттығулар жүргізуді қамтамасыз етеді.
Психолог пен әлеуметтік педагог буллингтің алдын алу, тәуекел тобындағы балаларды анықтау, дағдарыстық жағдайларда жедел көмек көрсету,топтық және жеке тренингтер ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетеді.
Мектеп оқушыларға интернет қауіптері туралы түсіндіру, кибербуллингтің алдын алу бойынша сабақтар өткізу, цифрлық сауаттылықты арттырады.
Педагогикалық ұжым ата-анамен тек жиналыста емес, тренинг, семинар, вебинар, ата-аналар клубы немесе пікірлес топтар, жеке консультациялар сынды түрлі жаңа форматта жұмыс жүргізеді.
Отбасының жауапкершілігінде баламен ашық, сенімді қарым-қатынас орнату маңызды.
Бала қауіп немесе қиындық көрген жағдайда, ең алдымен, ата-анасына жүгінуі үшін, отбасы ішіндегі эмоционалдық климат ыңғайлы болуы керек.
Баланың күн тәртібі мен бос уақытын бақылауда күн сайын кіммен араласады, қайда барады, интернетте қандай контент көреді,әлеуметтік желіде кімдермен байланысатыны ата-ананың назарында болуы тиіс.
Тәрбиенің бірізділігі мен талаптың тұрақтылығын қалыптастыру қажет.
Отбасындағы тәртіп нормалары баланың өзін-өзі еркінұстауға тікелей әсер етеді. Баланың өз әрекетінің салдарын түсіне білуі — қауіпсіздік мәдениетінің негізі.
Ата-анан мектеппен тұрақты байланыс орнатып, жиналыстарға қатысып, мұғалімдермен кері байланыс түзіп, профилактикалық шараларға қолдау көрсетіп, белсенді қатысуы баланың дұрыс дамуына оң ықпал етеді.
Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының мынандай тиімді модельдері бар.
«Мектеп–Отбасы–Қоғам» серіктестік моделінде мектеп білім береді, отбасы тәрбиелейді, қоғам (жергілікті ұйымдар, полиция, денсаулық сақтау) қауіпсіздік шараларына қатысады.
Ата-аналарға арналған қауіпсіздік сабақтарында мектеп мамандары ата-аналарға интернет қауіпсіздігі, бала құқықтары, жасөспірім психологиясы, буллингтің алдын алу бойынша ақпараттандырады.
Спорттық жарыстар, отбасылық жобалар, тренингтер, «Қауіпсіз мектеп», «Сенім бұрышы», «Киберқорғау» бағдарламалары – ортақ профилактикалық іс-шаралар.
WhatsApp топтары, электронды күнделік, онлайн кеңес беру, цифрлық сауалнама жүргізу сынды ақпарат алмасудың жаңа форматтарын қолданады.
Оқушы саулығы — мемлекеттің даму кепілі. Қауіпсіз ортада өсіп-жетілген бала өзіне сенімді, жауапты, психологиялық тұрғыдан тұрақты, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасады. Сондықтан мектеп пен отбасының өзара әрекеті – тек педагогикалық үдеріс емес, ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Бұл мүддеде мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі ортақ. Тек педагогикалық шаралар жиынтығы ғана емес, бүкіл қоғамның мәдени деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіші.
Бүгінгі өскін — ел ертеңі десек, олардың қауіпсіздігіне деген көзқарас пен қамқорлық ешқашан әлсіремеуі тиіс.
Дайындаған Ж.ӨМІРЗАҚОВА,
С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебінің әлеуметтік педагогы
27 желтоқсан 2025 ж. 150 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 136

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 140

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 120

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 123

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031