Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қарлаң көпірінің құрылыс жұмыстарын көрді

Аудан әкімі Қарлаң көпірінің құрылыс жұмыстарын көрді

Қазалы ауданында Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16-шақырымындағы Қарлан учаскесінде салынып жатқан көпір құрылысы.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге Қарлан көпірінің құрылыс алаңына барып, нысандағы жұмыстардың барысын көрді.
Жалпы құны 6 млрд 746 млн теңгені құрайтын жоба Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін қамтиды. Көпір өткелінің жалпы ұзындығы – 2,5 шақырым. Оның ішінде көпірдің ұзындығы 248,29 метрді, ал кірме жолдың ұзындығы 2,3 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары көпірдің негізгі тірек бөліктерін орнату және бетон тіреулерін құю жұмыстарын жүргізуде. Жоспарланған 84 дана свай қағу жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ 8 тіреудің 6-уы толық орнатылған. Қалған тіреулер бойынша құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Бұдан бөлек көпірдің кірме жолдарына топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс алаңында 30 арнайы техника мен 80-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жоба толық аяқталғаннан кейін көпір өткелі заманауи талаптарға сай жарықтандырылып, жол инфрақұрылымы тиісті деңгейде жабдықталатын болады.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды, жұмыс сапасына аса мән беруді тапсырды.
– Бұл – аудан тұрғындары көптен күткен маңызды жобалардың бірі. Әсіресе Сырдария өзенінің арғы бетіндегі елді мекендерде тұратын 10 мыңнан астам тұрғын үшін нысанның маңызы зор. Сондықтан құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға беру қажет, – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмыстарды сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
22 шілде 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031