Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарлан көпірінің құрылысы қарқынды

Қарлан көпірінің құрылысы қарқынды

Бүгін Қазалы ауданында облыстық бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылуда.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері ауданымызда Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен аудан халқының игілігіне бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысын халыққа жеткізіп, жан-жақты ақпарат бермек.
БАҚ өкілдері ең алдымен аудандағы ең ауқымды жобалардың бірі - Қарлан көпірінің құрылыс алаңында болды.
Бүгінде аудандық маңызы бар «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымындағы Қарлан учаскесінде салынып жатқан темір-бетон көпірдің құрылысы бүгінде қарқынды жүргізілуде.
Жалпы құны 6 млрд 746 млн теңгені құрайтын жоба аясында қазіргі таңда көпірдің негізгі тірек бөліктерін орнату және бетонтіреулерін құю жұмыстары атқарылуда. Бүгінде 84 дана свай қағу жұмыстары толық аяқталып, жоспарланған 8 тіреудің 4-еуі орнатылған. Қалған тіреулер бойынша құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.
Сырдария өзені арқылы салынатын көпір өткелінің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде көпірдің ұзындығы – 248,29 метр болса, кірме жолдың ұзындығы – 2,3 шақырым. Жобаға сәйкес нысан толықтай жарықтандырылып, жол инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай жабдықталатын болады.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 14 арнайы техника мен 25 жұмысшы жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Айта кетейік, Қарлан көпірі пайдалануға берілгеннен кейін Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекендеріндегі 10 мыңнан астам халықтың жол қатынасы жақсарып, қатынас қатынасы едәуір жеңілдей түспек.
09 маусым 2026 ж. 233 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930