Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарлан көпірінің құрылысы қарқынды жүруде

Қарлан көпірінің құрылысы қарқынды жүруде

Бүгінде Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд. 746 млн. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда жоба аясында нысанда көпірдің негізгі тірек бөліктерін орнату және бетонтіреулерін құю жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 84 дана свай қағу жұмыстары толық аяқталған. Жалпы 8 тіреудің 4-еуі орнатылып, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ басқа да жоспарланған жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.
Сырдария өзені арқылы салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде көпірдің ұзындығы – 248,29 метр болса, кірме жолдың ұзындығы – 2,3 шақырым. Жоба аясында жарық бағаналары орнатылып, жол инфрақұрылымы толық қамтылатын болады. Бүгінде құрылыс алаңында 14 арнайы техника мен 25 жұмысшы жұмылдырылып, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, Қарлан көпірінің құрылысы аяқталғаннан кейін Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 10 мыңнан астам халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсара түспек.
05 маусым 2026 ж. 243 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30