Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, қар мен көктайғақ: 9 қарашада ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, қар мен көктайғақ: 9 қарашада ауа райы қандай болады?

Фото: depositphotos.com
9 қарашада Қазақстанның көп өңірінде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ боран мен көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Абай облысы
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде жаңбыр, қар, көктайғақ, боран (жерборан) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін.
Семейде де түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран болжанады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыс, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысы
9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын түседі. Онымен бірге боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, жылдамдығы 15–20 м/с. Батысы, оңтүстігі, шығысында екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
10 қарашада да қар, боран, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс желі кейіннен оңтүстік-батысқа ауысады, солтүстік, шығыс, оңтүстік бөлігінде жел екпіні 15–20 м/с.
Көкшетау
9 қарашада кей уақытта жаңбыр, қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, 15–20 м/с.
10 қарашада түнде қар, боран, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы
9 қарашада жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Ақтөбеде де жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–18 м/с болады.
Атырау облысы
Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Батысы, солтүстігі, шығысында жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран болжанады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағытта, солтүстігі, оңтүстігі, орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Өскеменде жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік, 15–18 м/с.
Жамбыл облысы
Түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы жерлерде 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с-қа дейін.
Таразда түнде және таңертең тұман, күндіз оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман. Жел батыс, солтүстік-батыс, түнде солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с.
Оралда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Қарағанды облысы
Түнде батысы мен солтүстігінде аздаған жауын-шашын, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар күтіледі. Солтүстігі мен батысында көктайғақ, боран болжанады. Жел оңтүстік-батыс, облыстың солтүстік жартысында 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с.
Қарағандыда түнде аздаған жауын-шашын, күндіз жаңбыр мен қар. Жауын-шашын боран және көктайғақпен қатар жүреді. Жел оңтүстік-батыс, таңертең және күндіз 15–20 м/с.
Қостанай облысы
Жаңбыр мен қар күтіледі, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын күшейеді. Батысы, солтүстігі, шығысында көктайғақ пен боран, кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с, күндіз солтүстік пен шығыста 23 м/с-қа дейін.
Қостанайда 9 қарашада жаңбыр, қар, боран, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15–20 м/с.
Павлодар облысы
Жаңбыр және қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, 15–20 м/с, оңтүстігінде 23 м/с.
Павлодарда да жаңбыр, қар, көктайғақ, оңтүстік-батыс желі 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ күтіледі. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта: түнде оңтүстік-шығысында 15–20 м/с, күндіз де 15–20 м/с. Батысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Петропавлда жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, тұман, жел шығыс және оңтүстік-шығыс, күндіз 15–20 м/с.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең оңтүстігі, солтүстігі және таулы аудандарында тұман. Жел оңтүстік-батыс, күндіз солтүстігі, батысы және таулы жерлерінде 15–20 м/с.
Түркістанда күндіз жел екпіні 15–20 м/с болатын оңтүстік-батыс желі соғады.
Ұлытау облысы
Таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, таңертең және күндіз солтүстігі, шығысы, орталығында 15–20 м/с, кей уақыт 23 м/с.
Жезқазғанда оңтүстік-батыс желі, күндіз екпіні 15–18 м/с.
Астана
9 қарашада кей уақытта жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-батыс, 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін.
10 қарашада кей уақытта қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с.
09 қараша 2025 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930