«Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы
Бүгін Әйтеке би кентіндегі «Руханият» орталығында «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс ІІ конференциясы ұйымдастырылды.Жиын барысында партия қызметінің алдағы бағыттарын айқындайтын және сайлауалды міндеттерді жүзеге асыруға қатысты бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Күн тәртібіне үш мәселе шығарылды.
Атап айтқанда, Қызылорда облысы бойынша партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы жобасына ұсыныстар енгізу және сайлаушылардың аманаттарын жинақтау, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ партияның облыстық филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Талқылау барысында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескеру, халықты толғандырған мәселелерді партияның сайлауалды бағдарламасында қамту және алдағы саяси науқанға дайындық жұмыстарын пысықтау бағыттарына басымдық берілді.Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың кандидатуралары қаралып, облыстық конференцияға қатысатын делегаттарды сайлау мәселесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Конференция қорытындысы партияның алдағы жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, тұрғындармен байланысты нығайтуға және халық мүддесіне бағытталған бастамаларды ілгерілетуге негіз болады.
Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. «Әділет» партиясы алдағы уақытта да ел мүддесін қорғау, тұрғындардың талап-тілектерін назарға алу және қоғам игілігі жолында нәтижелі жұмыс атқару бағытындағы қызметін жалғастырады.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет














