Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаны жомарт Жылқайдар

Жаны жомарт Жылқайдар

Қазалы ауданының құрметті азаматы мұнай-газ саласының ардагері, өнегелі отбасының ақылшысы, тірегі, ағайын-туыс, ел-жұрттың жанашыры, сыйлы азамат болған қимас дос Тәңірберген Жылқайдар 76 жасқа қараған шағында 27 желтоқсан 2025 жылы өмірден өтті. Текті әулеттің ұрпағы Жылқайдар 1950 жылы Арал ауданы, “Бөген” елді мекенінде балықшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі Тәңірберген діни сауатты, тақуа адам болған.
Жылқайдар «Бөген» ауылындағы мектептен, кейін отбасы Жаңақазалы қыстағына көшіп келуіне байланысты 420 қазақ орта теміржол мектебінің 9 сыныбына оқуға қабылданады. Сынып жетекшіміз Жүніс Әуесбаев ағай. Ол математика, физика, сызу, сурет пәндерінің білгірі болғандықтан мектеп бітірген оқушылары жоғары оқу орындарына, тіпті Ресей мемлекетінің Ленинград қаласындағы политехникалық институтына оқуға түскендері де болды. Химия пәнінің мұғалімі Оспанова Қадиша апай Жылқайдардың пәнге қызығушылығын байқап, ерекше қамқорлыққа алып, білімінің шыңдалуына көмегін тигізді соның нәтижесі болса керек, Жылқайдар Шымкент қаласындағы қазақтың химия технология институтына оқуға қабылданып, мұнай-газ мамандығын алып шықты. Әр кезеңнің өзіне лайықты тұлғалы азаматтары болады. Олар әр салада ерекшелігімен көрініп, еңбегімен халқына танылып, жақсы өнегелі қасиеттерімен де, ісімен де елдің алғысына бөленіп жүреді. Оларға ел сүйсініп қана қоймайды, сұқ көзден сақтасын деп шүкіршілік етеді.
Қимас досымыз Жылқайдар Тәңірберген жоғары оқу орнын бітірген соң 1973-1975 жылдары жолдамамен Қырғызстан Республикасының Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласындағы Авиаотрядта инженер болып қызмет атқарады. 1976-1982 жылдары түрлі салаларда еңбек етті. 1983-1996 жылдары мемлекеттік жобалау институтының ГГПИ Казгипрогаз Шымкент филиалында инженер, бас инженер, жобалаушы, басшысы болды. 1997-2007 жылдары ТОО «Аргос» мекемесінде бөлім басшысы, ТОО «Петролиум», ТОО «Ойлерс» мекемесінде менеджер болды. 2007 жылдан бастап «ЮК Газ Проект» мекемесінде өмірінің соңына дейін басшылық қызмет атқарды. Ж.Тәңірберген Қазақстанның көптеген қалаларында игілікті істердің жүзеге асуына үлес қосты.
Атап айтар болсақ, Қазалы ауданы, Ғани Мұратбаев ауылының газ жүргізу сызбасын тегін атқарып беріп, ауылға газ әкелуді жеделдетіп, елдің алғысына бөленді. Сондай-ақ аудандағы елді мекендерге газ жеткізіп беруге үлес қосты. Қазіргі таңда елді мекендердің 70%-ға жуығы көгілдір отын пайдалануда.
Жылқайдардың атқарған игі істерін тілге тиек етер болсақ, мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен Қытай мемлекетіне жүргізіліп жатқан газ құбырынан Зайсанға газ жеткізуге үлес қосқан. Басқа да елеулі қызметтер атқарған. Жылқайдар осындай ел игілігі жолындағы қыруар жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласының, Жамбыл облысы, Қордай ауданының, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» атақтарына ие болған. Тіпті, Ресей мемлекетінің «Почетный гражданин России» атағын алған. 2020 жылы Қазалы ауданы әкімнің «2020 жылдың меценаты» дипломымен, Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Звезда славы», «Гордость экономики» ордендерімен марапатталған.
Досымыз Жылқайдар тіршілігінде ешкімге кек сақтамайтын, ренжімейтін таза ойлы, қанағатшыл, жалған сөз айтуды білмейтін азамат еді. Үлкенге де, кішіге де ізетті болатын. Кім-кімнің де тілін таба білетін, көпшіл еді. Қарапайымдылығы өз алдына, дос­тарымен сұхбат құрып, ойға алған жұмыстары жөнінде пікірлесетін, ағайын-туыстарымен араласып тұруды қалайтын.
Жылқайдар құдай қосқан қосағы Рахимамен бірге ынтымағы жарасқан отбасын құрып, бір шаңырақта мағыналы ғұмыр кешіп, дүниеге ұл мен қыз әкелді. Оларға өнегелі тәрбиесін берді. Бәрі де жоғары білім алып, өз мамандықтары бойынша әр салада қызмет атқарып жүр. Айбек ішкі істер саласында беделді қызметте, Айнұр қазақтың медакадемиясында профессор. Хакім Абайдың айтуынша, адам өлмейді, адамның табиғаты өледі. Адам мен адам табиғаты екеуі екі нәрсе. Табиғат арабша жаратылыс деген болатын.
Кластас достары атынан
М.Сәлімов
С.Бәймен

17 қазан 2026 ж. 34 0

Тіл – ұлттың тұғыры

17 қазан 2026 ж. 29

Жаны жомарт Жылқайдар

17 қазан 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031