Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпқабатты үйлерге күтім қажет

Көпқабатты үйлерге күтім қажет

Аудан инфрақұрылымын жаңғырту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады.Соңғы жылдары елде көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту, олардың техникалық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл тек құрылыс не
жөндеу ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысы үшін қолға алынған кешенді іс-шара.
Тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету – жергілікті билік өкілдерінің басты назарында. Осы орайда ауданда көпқабатты тұрғын үйлерді инфрақұрылымдық жаңғырту және абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлердің шатырын күрделі әрі ағымдағы жөндеуден өткізу шараларына ерекше мән берілуде.Ауданда аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан көшесі бойында орналасқан №2 және №14 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстарымен танысты.Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме «АҢСАТ-ҚҰРЫЛЫС И С» ЖШС тарапынан тұрғын үйлердің шатыр жабындарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Алдымен аудан әкімі жұмыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкіліне жөндеу жұмыстарын жауын-шашынға қалдырмай, белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстап, орындалған жұмыстардың талапқа сәйкестігін қадағалауды жүктеді. Аталған көпқабатты үйлердіңаулаларына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, енді шатырларын жөндеу жұмыстарының қолға алынғанына тұрғындар да дән риза.
– Инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі. Аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу және жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғастыру қажет, – деп атап өтті аудан әкімі.
Осыған дейін Желтоқсан және В.Счастнов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары жүргізілген еді.
Айнұр ӘЛИ
17 қазан 2026 ж. 37 0

Тіл – ұлттың тұғыры

17 қазан 2026 ж. 29

Жаны жомарт Жылқайдар

17 қазан 2026 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031