Тұман, көктайғақ, жауын: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар аймақта шаңды дауыл соғып, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады

Фото: istockphoto.com
16 қазанда Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Тұман түсіп, қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, үсік жүреді. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Бірнеше өңірде өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысында түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда да күндіз оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с болады.
Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысында түнде және таңертең шығысында тұман болады. Күндіз оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ұлытау облысында күндіз оңтүстігінде шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қар басым жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында, оңтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қар басым жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Шығысында, оңтүстік-батысында және орталығында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде 1–6 градус үсік жүреді. Қонаевта түнде солтүстік-шығыс желінің екпіні 18 м/с болады. Ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендейді.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында түнде 4 градусқа дейін үсік жүреді. Алакөл көлдері маңында 16–18 қазанда солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с болады. 16–20 қазан аралығында шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Талдықорғанда түнде 4–6 градус үсік жүреді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с болады. Шымкент пен Түркістанда солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Түнде және күндіз осы аумақтарда солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с болады. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Қалада өрт қаупі төтенше деңгейде.
Ақтөбе облысының батысы мен орталығында шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с болады. Шығысында өрт шығу қаупі жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше деңгейде сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз шаңды дауыл соғады. Осы аумақтарда оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірде өрт қаупі жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше деңгейде. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–18 м/с болады. Қалада өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз батысы мен орталығында кейде 23 м/с болады. Орталығында өрт қаупі жоғары. Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары.











