Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілістегі маңызды мәселе

Мәжілістегі маңызды мәселе

Ауданда 2026 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасқан. Бұл туралы аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.
Жиында биылғы жылдың қаңтар-қыр­күйек айларындағы ауданның әлеуметтік-эконо­микалық даму қорытындылары мен рес­публикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Аудан әкімі күн тәртібіндегі және басқа да өзекті мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Жалпы 9 айдағы көрсеткіш бойынша, өнер­кәсіп өнімінің көлемі 23,9 миллиард теңгені құрап 124,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 20,8 миллиард теңгеге жетіп 127 пайызға орындалған. Бөлшек сауда айналымы 11,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 19,3 миллиард теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,8 миллиард теңгеге жетсе, құрылыс жұмыстарының көлемі 183,2 пайызды, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 43 989 шаршы метрді құраған.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жауапты сала басшыларына макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақы­лау­да ұстауды, жоспарлы межеге қол жеткізу үшін тиісті шараларды күшейтуді тапсырды. Өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының тоқсандық есептілікті белгіленген мерзімде әрі дұрыс тапсыруын қамтамасыз етуді жүктеді.
2026 жылдың 1 қазандағы жағдайы бо­йынша ауданның шығындар жоспары 11,5 миллиард теңгені құрап, 100 пайызға игерілген. Осыған байланысты бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген қаражаттың уақытылы әрі мақсатты игерілуін қамтамасыз ету тапсырылған. Сонымен қатар аудан бюджетінің кірістер жоспарын толық орындау, салық базасын кеңейту және кіріс көздерін ұлғайту мәселелеріне басымдық берілген. Мемлекеттік кірістер басқармасына, дербес бөлімдерге, мекеме-кәсіпорын басшыларына және елді мекен әкімдеріне жылдық жоспардың орындалуына бағытталған нақты шаралар қабылдау міндеті жүктелді.
Жиында мемлекеттік органдардың ақпа­раттық жұмыстарының тиімділігі мен әлеуметтік желілердегі ресми және жеке парақшалардың белсенділігі кеңінен сөз болды. Күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Әлиевтің хабарламасы тыңдалды. Мәжілісте әлеуметтік желілерде жарияланған сыни жазбаларға уақытылы әрі сапалы жауап беру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты аудан әкімі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы келеңсіз жағдайлар туындаған кезде жедел ақпараттық ден қою алгоритмін қатаң сақтауды тапсырды.
Сонымен бірге жиында 23-24 қазан күндері Қызылорда қаласында өтетін дәстүрлі облыстық «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасына дайындық барысы талқыланды. Аудан басшысы жауапты сала басшыларына бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыруды жүктеді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету, қажетті карантиндік және ветеринариялық құжаттардың болуын қадағалау, Қазалы ауданының бренді саналатын өнімдерді кеңінен ұсыну міндеттелді.
Аппарат мәжілісінде күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының барысы да назардан тыс қал­ма­ды. Жауапты сала басшыларына, аудандық полиция бөліміне және елді мекен әкімдеріне өзара бірлесіп жұмыс жүргізіп, белгіленген шақыру тапсырмасының толық орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Мәжіліс соңында аудан аумағындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және түнгі жарықтандыру жүйелерінің жағдайы қарас­тырылды. Аудан басшысы Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердегі тазалық пен жарықтандыруға жүргізілген мониторинг нәтижелеріне жеке тоқталып, анықталған бірқатар кемшіліктерді жою қажеттігін қатаң ескертті.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі күн тәртібінде талқыланған барлық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.


Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
17 қазан 2026 ж. 33 0

Тіл – ұлттың тұғыры

17 қазан 2026 ж. 29

Жаны жомарт Жылқайдар

17 қазан 2026 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031