Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған өлкем, жұмақ мекен – Қазалы

Туған өлкем, жұмақ мекен – Қазалы

Осы тақырыппен Қазалы ауданының құрылғанына – 95 жыл толуына арналған мерекелік кеш өтті. Бұл ретте Қазалы аудандық балалар кітапханасының қолдауымен оқушылар арасында сурет көрме ұйымдастырылды. Онда аудандағы 9 мектептен 7-8 сынып оқушылары бақ сынады. Шеттерінен дарынды оқушылар түрлі композициядағы қылқаламмен салынған 13 туынды ортаға қойылды.
Байқауды өткізудегі басты мақсат – жас оқырмандарды ата-бабалардың жанкештілігімен қорғаған «Қазыналы да, киелі – Қазалы» өлкеміздің бір ғасырға жуық уақытта жеткен жетістігін көрсету. Жасөскіндердің елі мен туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, мақтаныш сезімін оятуды көздеді.
Келелі кеш барысында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова Ұлы Жібек жолының бойында қарт Қаратау мен Аралдың арасын кең жайлаған Ақмешіт атырабындағы айшықты мекеннің бірі – Қазалы екендігін алға тартты. Оның баяндауынша, ықылымнан бері қадірлі өлкенің тамыры терең, тарихы кенен. Тамыры сонау орта ғасырдағы Оғыз мемлекетінің астанасы болған ежелгі Жанкент қаласымен астасып жатқан Қазалы талай тарихқа куә. Киелі топырақта Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Сартай, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет тағы да басқа әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген. Құтты мекеннен 6 Кеңес Одағының батыры, 5 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Аудан аумағында Орақ, Жанқожа, Ақтан батырларға, Жалаңтөс баһадүрге кесенелер, тағы басқа тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған.
– Барлық талапкерге бұл жарыста сәттілік тілеймін. Шын мықтының еңбегі әділ бағаланып, жеңіске қол жеткізеріне сенімдімін. Енді қысқаша мәлімет үшін тарихқа көз жүгіртсек, 1953 жылы іргетасы қаланған Қазалы қаласы патшалық Ресей мен Кеңес өкіметі кезінде уезьд орталығы болды. Қазіргі үш ауданның басын біріктірген үлкен аймақ. Бұған Қармақшы, Арал аудандарының территориясы кірген.
Тарихта құжатталғандай, Қазалы ауданы 1928 жылы құрылды. Ол 1958 жылға дейін Қазалы қаласы аудан орталығы болды. Онан кейін Жаңақазалы поселкасына, қазіргі Әйтеке би кентіне көшірілді. Аудан батысында Арал, шығысында Қармақшы аудандары мен солтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Аудан жерінің аумағы 37,4 мың шақырымды алып жатыр. Әкімшілік бөлінісі 42 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік әкімдік пен 19 ауылдық округке біріктірілген.
Бүгінде 76,4 халқы бар киелі өңірде салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы сабақтасқан 10-нан астам ұлт өкілдері тіл табысып, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Топырағын түрсең тарихы сөйлейтін қасиетті Қазалы ауданы – қашанда қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тіршіліктің, қарқынды құрылыстың ордасы. Ауданымызда жүріп жатқан жүйелі жұмыстар, әрбір жағымды жаңалық пен жаңаруға куә болып жүрсіздер. Тәуелсіздікпен бірге түлеген қасиетті Қазалының бүгінгі келбеті – бәріміздің мақтанышымыз, – деді Индира Назарова.
Соңғы түйенің жүгі әрдайым ауыр болары белгілі. Соған сай сайыс кезінде өнерлі оқушылардың шығармашылығына әділ төрелігі берілді. Нәтижесінде жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені №170 мектептің 9 сынып оқушысы Саяжан Ғабитқызы иеленді. Гүласыл Темірханова №249 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы бірінші орын тұғырынан көрінді. Екінші орынға №234 мектебінің 7 сынып оқушысы Арсен Меңділдә мен №226 мектептің 8 сынып оқушысы Раушан Жаңабай жайғасты. Үшінші орынды №165, №70, №204 мектебінен бақ сынаған 8 және 9 сынып оқушылары Ұлбала Тоғаймұрат пен Райымбек Оспан және Балнұр Ұлықпаш жеңіп алды. Ал №216 мектеп пен №266 мектеп-лицейдің шәкірттері Абдуррахим Жанғали және Дана Бақытжановаға Алғыс хат табысталды. Сонымен бірге балаларға жеке кәсіпкер Мерей Есқожаевтың демеушілігімен сый-сияпат ұсынылды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 желтоқсан 2023 ж. 253 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930