Туған жерге бүйрегім бұрып тұрады
Жылқайдар ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының және
Жамбыл облысы Қордай ауданының «Құрметті азаматы»
Жуырда Ғани Мұратбаев ауылына газ желісі тартылады деген қуанышты хабарды түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жариялады. Жағымды жаңалыққа жұртшылық риза болысып, айтылған ауыл тұрғындарымен қосыла қуанды. Қазір көптен күткен іс басталып та кетті. Осы орайда бір азаматтың аты жиі аталды. Ол жерлестеріне жанашыр Жылқайдар Тәңірбергенов болатын. Туған жеріме титтей болса да көмегім тисе екен деп қолынан келгенді аямаған жанның Қазалы топырағының тумасы екенін бірі білсе, бірі білмес. Мұнай және газ саласында елеулі еңбек атқарып, жемісті жұмыс істеп жүрген жерлесіміз бірнеше «Диплом», «Құрмет грамоталары» және «Сапа көшбасшысы» сертификатының иегері.
Жақында Шымкент қаласындағы «ЮгГазПроект» ЖШС директоры Жылқайдар Тәңірбергенұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.
– Жылқайдар аға, туған жер дегенде көз алдыңызға қандай көрініс келеді? Ата-анаңыз туралы айта кетсеңіз...
– Мен Арал теңізінің бойында туып-өстім. Сол кездегі шалқыған теңіз, тайдай тулаған балық көз алдымда. Әкем балықшы, шешем үй шаруашылығында болды. Әкемнің туған топырағы қазіргі Қожабақы ауылы. Ашаршылық жылдары жаппай ел көшіп, бет-бетіне ыдыраған шақта менің де ата-анам теңіз жағасын саялайды. Содан 1960 жылы туған топыраққа қайта қоныс аудардық. Мен Әйтеке би кентіндегі №420 мектепте оқыдым. Оны үздік аяқтаған соң, Шымкент қаласындағы КазХТИ институтына түсіп, инженер-химик-технолог мұнай мен газ қайта өңдеу мамандығын алдым. Мамандығыма сәйкес жұмыс туған жерден табыла қоймағансын осы қалада қалуыма тура келді. 1973 жылы жолдамамен Фрунзе қаласына авиаотряд бірлестігіне ГСМ инженері болып жұмысқа келдім. Бұдан соң әр жылдары түрлі мекемеде қызмет еттім. Қазір «ЮгГазПроект» ЖШС директорымын.
– Туған жерге қаншалықты жиі келесіз?
– Жылына 3-4 рет барамын.
– Сіздің Ғани Мұратбаев ауылына жүргізіліп жатқан газ желісінің жоба-сметалық құжатын тегін дайындап бергеніңізден хабардармыз...
– Иә, туған жерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Ғани атындағы ауыл мен Қазалы қаласына арнайы жоба-сметалық құжатты дайындадым. Ауылдағы жұмыс қарқынды жүріп жатқанын естіп қатты риза болып қалдым. Қала халқының да көгілдір отын игілігін көрер күні алыс емес деп ойлаймын. Менің руым Асанның Мәметегі. Жуырда ата-бабалар рухына арнап ескерткіш орнатпақпыз. Оған да қолымнан келгенінше көмек көрсетудемін. Әрқашан туған жерге бүйрегім бұрып тұрады. Алла жазса әлі талай игілікті істерді атқару жоспарым да бар.
– Сізді қоғамда қандай мәселе алаңдатады?
– Қазақ елінің дамыған мемлекеттер қатарында болғанын қалаймын. Халқының әл-ауқаты жақсы болғанын тілеймін. Мені алаңдатып, ойландыратын мәселе осы.
– Көмек сұрай барған кез келген жанға қол ұшын созасыз ба? Әлде тек шын мұқтаждарға жәрдемдескен жөн деп ойлайсыз ба?
– Шын мұқтаж жандарға көмек беруді құптаймын. Қолымнан келген жәрдемді қайырымдылықты аямаймын.
– Адамның бойындағы қандай болмысты жоғары бағалайсыз? Сіздің өзіңізге ұнайтын және ұнамайтын қасиеттер...
– Адалдық, сауаттылықты және еңбекқорлықты жоғары бағалаймын. Өзімнің бойымдағы адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерім ұнайды. Ал өжеттігім кейде өзіме де жақпай қалады.
– Ана тілінен өзге тілді білмеген болсаңыз, оған ұялар ма едіңіз?
– Ана тілді білуге әрбір адам міндетті. Ал өзге тілдерді де меңгеру дұрыс деп санаймын. Қазіргі заманның талабы сондай, жан-жақтылық, кез келген ортаға бейімділік қажет. Оның зияны жоқ, керсінше пайдасы тиеді.
– Сіздің түсінігіңізде байлық деген не, бақыт деген ше?
– Мен үшін байлық – жасаған еңбектің нәтижесін көрген сәтім. Ал мағыналы, қызықты өмір сүрсең бақыт емей немене?
– Ең алғаш тапқан табысыңыз... Оны қайда жараттыңыз?
– Алғаш институт бітіргеннен кейін басқа мемлекетте, өзге қалада жұмыс істедім. Ата-анамнан көрген тәрбием бойынша бірінші табысымды наннан артық ас жоқ деп түйіп, нан алуға жұмсадым.
– Жерлестеріңізге тілегіңіз...
– Әрқашан туған жермен, ондағы азаматтармен біргемін. Әр отбасында амандық болсын! Ең бірінші байлық – деннің саулығы. Ауырмай-сырқамай ауызбіршілікте бірге дами беріңіздер деймін.
– Сізге де амандық тілейміз. Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Әңгімелескен
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА