Берік отбасы – есірткіден аулақ
Отбасы – баланың қауіпсіздігі мен жарқын болашағының негізі. Әр ата-ананың міндеті – баласына мейірім сыйлап, пікірін тыңдап, сенімді қарым-қатынас орнату. Есірткінің денсаулыққа, өмірге және болашаққа тигізетін зардабын жасырмай, ашық түсіндірейік.Бүгінде жастарды «оңай табыс» уәдесімен есірткі тасымалдауға және таратуға тарту қаупі бар. Балаларымызға мұндай ұсыныстың қылмыс екенін, ауыр зардап пен заң алдындағы жауапкершілікке әкелетінін ұғындырайық.
Біздің отбасымыздың ұстанымы айқын: есірткіге де, есірткі бизнесіне де жол жоқ! Біз білімді, еңбекті, спортты және шығармашылықты қолдаймыз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен күн сайын сөйлесіңіздер! Қымбатты жастар, күмәнді ұсынысқа «жоқ» деп, өз болашақтарыңызды қорғаңыздар!
Берік отбасы – есірткісіз қоғамның бастауы!
Төлеміс ТӨЛЕУОВ












