Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Елдің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазгидромет 13–15 қазанға арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. 
15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
  • Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
  • Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
  • Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
  • Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
  • Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С. 


13 қазан 2026 ж. 143 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30